"Шығыс-Адалдық алаңы" жобасы шеңберінде Риддер қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі,..

"Шығыс-Адалдық алаңы" жобасы шеңберінде Риддер қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі,..

"Шығыс-Адалдық алаңы" жобасы шеңберінде Риддер қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, "Риддер-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы мемлекеттік сатып алу саласына мониторинг жүргізді.
Риддер қаласы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі"болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру келесі қағидаттарға негізделеді:
1) Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру жолымен жүзеге асырылады.
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы қағидаттарына негізделеді;
5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтіндей шамада қолдау көрсету қағидаттарына негізделеді;
6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;
7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қағидаттарына негізделеді;
8) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
9) сатып алынатын тауарлардағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау қағидаттарына негізделеді.