
"Шығыс-Адалдық алаңы" жобасы аясында "Риддер-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Төлеухан Мәдина Маратқызы "Нұрлы жер"мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына мониторинг жүргізді. 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы Жер" тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы шеңберінде Риддер қаласында жалпы құны 632,449 млн.теңге болатын Островский көшесі,40 бойынша 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған. Бүгінгі күні жұмыс жүргізу кестесінен артта қалушылық жоқ.