
"Шығыс-Адалдық Алаңы" жобасы шеңберінде 2021 жылғы 20 мамырда әкімнің штаттан тыс кеңесшісі, "Риддер-Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы "Риддер қаласының сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі" ММ, "Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ, "Риддер қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" ММ, "Риддер қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" ММ сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына мониторинг жүргізді. Риддер қаласында барлық мемлекеттік мекемелерде,мектептерде,балабақшаларда, кітапханаларда өзіне-өзі қызмет көрсетудің 41 бұрышы жұмыс істейді. 2020 жылы қызмет берушілермен барлығы 70 321 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 63 678 электрондық түрде. Ағымдағы жылдың 4 айында 24 943 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 23 135 электрондық түрде. Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметтің 175 түрі көрсетіледі.