
"Шығыс-Адалдық Алаңы" жобасы шеңберінде Риддер қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, "Риддер-Адалдық Алаңы"жобалық кеңсесінің басшысы Риддер қаласының Жастар орталығымен бірлесіп қала оқушылары арасында адалдықты, парасаттылықты және адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" бейнероликтер конкурсын өткізді. Бұл сайыста Риддер көпсалалы колледжі оқушыларының командасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.