
2021 жылғы 22 сәуірде әкімнің штаттан тыс кеңесшісі, "Риддер - Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының "Open space" (ашық типтегі кеңсе) форматына көшуіне мониторинг жүргізді.Риддер қаласында «Сервистік әкімдік» «Риддер қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «, Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалы, Риддер қаласының полиция бөлімі фронт-офис режимінде жұмыс істеуде. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.