Риддер қаласында «Шығыс - Адалдық Алаңы» жобасы аясында әкімнің штаттан тыс кеңесшісі

Риддер қаласында «Шығыс - Адалдық Алаңы» жобасы аясында әкімнің штаттан тыс кеңесшісі

Риддер қаласында «Шығыс - Адалдық Алаңы» жобасы аясында әкімнің штаттан тыс кеңесшісі, «Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалының жауапты тұлғасымен бірлесіп жолдарды күтіп ұстау бойынша жұмыстарды қабылдауға қатысты. Риддер қаласының аумағы арқылы 77 км (90-105, 129-191 км) «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолы өтеді. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын басқаруды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚОФ уәкілетті органы жүзеге асырады.
Республикалық автомобиль жолдарына қызмет көрсетуді «ҚазақАвтоЖол» ЖШС ШҚОФ мердігерлік ұйымы, ЖӨУ 2 бөлімшесі (Белоусовка ауылы) жүзеге асырады.
Орындалған жұмыстар: шұңқырларды жою, асфальтбетон жамылғысындағы жарықтарды құю, су өткізу құбырларын тазалау, жол белгілерін орнату және түзету, қоқыстарды жинау және шығару, шоңырларды жою, бұталарды шабу

Республикалық маңызы бар «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» жолын (90-105, 129-191 км) күтіп-ұстау мәселесі бойынша Өскемен қаласы, Буров көшесі, 67 мекенжайы бойынша «ҚазАвтоЖол « ҰК» АҚ ШҚОФ жүгіну қажет. Директоры - Қалымов Ерлан Бақытұлы, vko.info@qaj.kz