
Риддер қаласында «Шығыс - Адалдық Алаңы» жобасы шеңберінде әкімнің штаттан тыс кеңесшісі, «Риддер - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Г. Жиенбаева және «ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ өкілі Н.Светлакова көшелерді жарықтандыру және бөлінген қаражатты игеру мониторингін жүргізді.
Бүгінгі күні Риддер қаласында 3302 жарық нүктелері бар, оның ішінде 1941 дана жарықдиодты шамдар, «Шар» торшерлі – 354 дана, LED прожекторы – 53 дана, Днат – 917 дана. Жарықтандыру жүйесі автоматтандырылған, фоторелемен және уақыт релесімен жабдықталған. Көше жарықтандыру жүйесінің кабелін төсеу ұзындығы 8 км - жер асты және 68 әуе жолымен. 2020 жылға электр энергиясына тарифтің мөлшері кВт*сағат үшін 18,7х7 теңгені құрады, Пайдаланудың орташа уақыты тәулігіне 12 сағатты құрайды. «Риддер қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ көшені жарықтандыру жүйесінің баланс ұстаушысы болып табылады.
2021 жылы Риддер қаласында көшені жарықтандыру желілерін ағымдағы жөндеуге 77995,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Мичурин көшесі, Рощин көшесі, Толстой көшесі, Гагарин көшесі, Луговая көшесі, Кедровская көшесі, Ливино ауылы жөндеуге жатады.