
🔉Құрметті Риддер қаласының тұрғындары!
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жақын арада тек қауіпті топтар үшін ғана емес, сонымен бірге барлық адамдар үшін де жүзеге асырылады.
▶Біздің еліміз бұл процедураны мемлекеттік бюджет есебінен тегін қамтамасыз етеді.
Әлемдік кеңістікте жетекші орын алған ресейлік вакцина қолданылады.
▶«Спутник V» 58 елде тіркелген және бұл процесс Еуропа елдерінде және планетаның басқа аймақтарында белсенді жалғасуда.
🇰🇿06 сәуірде Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірген «Спутник-V» вакцинасын алды. Вакцинациядан кейін оның денсаулығы жақсы. Жанама әсерлер жоқ.
▶Тек вакцинация және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру коронавирусты жеңуге, барлық шектеулерді алып тастауға, азаматтарымыздың қалыпты өмірі мен экономикалық қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
‼Сондықтан біздің Президент тағы да барлық азаматтарды мүмкіндігінше вакцинаны қабылдауға шақырады.
Бұл өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың жалғыз жолы.