
Жыл сайын өскелең ұрпақтың нағыз ерлер мамандығын таңдауға деген қызығушылығы артып келеді.
Құтқарушылар мамандығы қиын сәттерде адамдарға көмектесу қабілетімен және өз елінің игілігі үшін абырой мен қызмет ету мүмкіндігімен тартады.
Беделді мамандықты Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтында алуға болады. Оның түлектері кепілді түрде жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олардың кейбіреулері Риддер қаласының Төтенше Жағдайлар Басқармасында жұмыс істейді.
Бастықтың орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Е.В. Тарасов 15 жылдан астам уақыт бойы жоғары білікті маман бола отырып, қойылған міндеттерді жедел шеше отырып, азаматтық қорғау органдарында қызмет етеді. Бес жыл бойы Риддер қаласының ТЖ басқармасын басқарды.
Аға офицер, майор Бородин С.В., сондай-ақ КТИ түлегі бола отырып, 18 жылдан астам азаматтық қорғау органдарында қызмет етті. Сергей Викторович таулы жерлерді жақсы біліп, бірнеше рет таулардағы іздеу жұмыстарына қатысты. Оның қатысуы көбінесе іздеудің сәттілігінің кілті болып табылады.
2020 жылы Риддер қ. ТЖБ офицерлер командасын Көкшетау техникалық институтының тағы бір түлегі толықтырды. Әбілқайыр Қанат бала кезінен форма киіп, мемлекет игілігіне үлес қосуды армандаған. Мектепті сәтті бітіріп, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша шекті балл жинап, денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамды деп танылып, түсу емтихандарын сәтті тапсырып, конкурстан өтіп, күндізгі оқу бөліміне қабылданды.
Тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етілген жас курсант төрт жыл бойы Отанға қызмет ету ғылымын таныды. Әр түрлі спорт түрлерімен айналысу, оркестрде ойнау және шығармашылықтың басқаб ағыттарында даму – КТИ-де бәрі мүмкін. Саптық дайындық жоғары деңгейде, бұл Қазақстан Республикасының астанасындағы Жеңісшерулеріне қатысуға мүмкіндік береді.
Өз өмірін беделді мамандықпен байланыстырғысы келетіндер анықтама алу үшін Риддерқаласы, Тәуелсіздік көшесі, 18-А, мекен-жайы және тел.4-57-51 бойынша хабарласа алады.
Риддер қ. ТЖБ