
Риддер қаласының «Шығыс – Адалдық Алаңы» жобасы шеңберінде әкімнің штаттан тыс кеңесшісі, «Риддер - Адалдық Алаң» жобалық кеңсесінің басшысы және АМТ төрағасы білім беру мектептерінің Қамқоршылық кеңестерінің жұмысына мониторинг жүргізді.
Қамқоршылық кеңестердің қызметі ҚР БҒМ министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №355 «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ұйымдастырылған.
Қамқоршылық кеңестердің қызметі әр түрлі мәселелерді шешуге бағытталған, соның ішінде:
- бюджеттен тыс қаражаттың жұмсалуын бақылау;
- оқушыларға қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
- аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға материалдық қолдау көрсету;
- оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;
- әртүрлі іс-шараларды өткізу: білім беру, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық, әлеуметтік-мәдени;
- қорлармен және өзге де қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық.