«Керекті науқан»

«Керекті науқан»

Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  қызметкерлерімен және Риддер аграрлық-техникалық колледжінің еріктілерімен бірге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «30 игі іс» атты республикалық науқанға қатысты.  Жыл сайын қызметкерлер су тасқыны кезеңіне дайындық ретінде, өз еркімен ауласындағы қарды тазарта алмайтын тұрғындарға көмек қолын созады, мысалы биыл көмек Гризодубова көшесінде тұратын жалғызбасты, қарт әйел адамға көмек көрсетілді.

Бұл аймақта су тасқыны қаупі бар.  Біргіп үйдің аумағы қар мен мұздан тазартылды.  Сондай-ақ, еріктілер мен азаматтық қорғау қызметкерлерінің күшімен көшелердің бірінің бойында орналасқан ағын тазартылды. 

Біз қаламыздың барлық тұрғындарын акцияға қатысуға және қарт адамдар мен жалғызбасты азаматтарға көктемгі су тасқыны кезеңіне үйлерін дайындауға көмектесуге шақырамыз.  Кез-келген көмек өте маңызды және өмірлік қиын жағдайда қалған барлық адамдарға қажет.