
Эвакуациялау адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесіндегі өте маңызды, жауапты және күрделі іс-шаралардың бірі. Өмірде бәрі болады және сіз өзіңізді қалай ұстау керектігін және төтенше жағдайда не істеу керектігін білуіңіз керек, ол кенеттен күтпеген кезде пайда болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар туындаған кезде басқаларды және өзіңіздің өміріңізді қорғау үшін қандай әрекеттер жасау керектігін білу қажет. Осындай мақсатта Риддер қ.ТЖБ қызметкерлері "Қазақстан" СҮ ірі супермаркеттерінің бірінің қызметкерлерімен "ТЖ кезіндегі тәртіп ережелері" тақырыбында дәріс өткізді. Сондай-ақ, ұйым қызметкерлеріне 80 дана көлемінде "Қыста өзін-өзі ұстау ережелері", "Жер сілкіну кезіндегі 10 қарапайым қадам" брошюралары мен буклеттері таратылды және 2 стенд орнатылды.
Риддер қ. ТЖБ