
Н.В. Гоголь атындағы орталық қалалық кітапханада "Адалдық алаңы" жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша "Парасатжолы" кітапханалық орталығы ашылды.
Мақсаты: ағартушылық қызмет, әртүрлі құқықтық актілерді түсіндіру, әдептілікке тәрбиелеуге жәрдемдесу.
Орталық аясында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге" ақпараттық акциясы өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық плакаттар орналастырылды, әдебиеттер ұсынылды:
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: Заңгер, 2018;
- Ағыбаев. А. Сыбайлас жемқорлық - ұйымдасқан қылмыстың катализаторы / / Фемида. – 2020. - №3. – 6-17 беттер және т. б.