Абайлаңыз, жоғарыдан қауіп!

Абайлаңыз, жоғарыдан қауіп!

Күндіз жылы және түнде төменгі температура! Осылайша шатырларда мұз сүңгілері мен қарлы жиектер пайда болады. Олар су ағысы мен шатырларды бүлдіреді. Маңайдағы автокөліктер мен жолаушыларға құлауы ықтимал. Бұл, Риддер қ. тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жыл сайынғы талқылау.
Риддер қ. ТЖБ қала тұрғындарына қыс кезеңіндегі қауіпсіздік туралы ескертеді, яғни:
- үйдің іргесімен жүрмеңіздер; егер үйдің қасынан өту өте қажет болса, жоғары қараңыз, құлағалы тұрған мұз бен қар жоқ па екен. Егер болса, қауіпсіз жермен айналып өткен жөн;
- жолды қысқартамын деп лентамен қоршалған қауіпті тротуарлар аймағына кірмеңіздер;
- «Өтуге тыйым салынады!», «Қауіпті аймақ!», «Қар құлауы ықтимал!» ескерту тақтайшалары бар жерлерден айналып өтіңіз;
- үйден шыққанда асықпаңыз! Қай жерден өткен дұрыс екеніне көз жеткізіңіз! Жолға ғана емес ғимарат шатырларына да көңіл аударыңыз.
Немқұрайлы болмаңыз! Егер сіз үй шатырынан салбырап тұрған қарлыжиек, мұз сүңгісін көрсеңіз, тиісті қызметтерге хабарласыңыз. Егер мұз сүңгілері дүкеннің немесе өзге мекеменің шатырында пайда болса – ерінбей, әкімшілікке хабарлаңыз. Жазатайым оқиға орын алса, өтіп кетпей 112 немесе 101 нөміріне хабарласыңыз.
Көшеде жүргенде қырағы және сақ болыңыздар! Өзге жолаушылар әсіресе, балаларды қауіп туралы ескертіңіздер!

Риддер қ. ТЖБ