
«Риддер - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын игеру шеңберінде іске асырылатын жобалардың сапалы іске асырылуына мониторинг жүргізді.
Риддер қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының маманы С. Рахимов 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде Риддер қаласында 34 жобаның іске асырылып жатқанын түсіндірді (бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша: 4 облыстық 30 қалалық), оның ішінде::
- білім беру - 10 жоба;
- ТКШ, инфрақұрылым нысандарын жөндеу - 6 жоба;
- қаланы абаттандыру - 6 жоба;
- мәдениет объектілері - 2 жоба;
- спорт нысандары - 6 жоба;
- әлеуметтік сала объектілері - 3 жоба.
34 жоба аяқталды.
Барлығы 394 жұмыс орны құрылды (жоспар 388 жұмыс орны), оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 208 жұмыс орны (жоспар 200 жұмыс орны), мердігерде 14 тұрақты жұмыс орны, тапсырыс берушіде жоспар бойынша 30 жұмыс орнынан 25 жұмыс орны құрылды.