
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін өткізу шеңберінде Риддер қаласының төтенше жағдайлар Басқармасы Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп "Риддер аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК базасындағы №18 құрама эвакуациялық пунктін практикалық өрістету өткізілді. Жаттығудың мақсаты ҚЭП әкімшілігінің эвакуацияланатын халықты жинау, тіркеу және оны көлікке отырғызу пункттеріне және бастапқы қозғалыс пункттеріне жіберу бойынша міндеттерді орындауға дайындық дәрежесін анықтау, эвакуациялық жинау пунктін өрістету бойынша жаттығуға қатысушыларға практикалық дағдылар беру болды. Эвакуацияланған халық үшін қолайлы жағдай жасау үшін пункттің ішінде ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, халықты жинау пункті, психологиялық көмек бөлмесі, санитариялық-гигиеналық бөлмелер, асхана орналасады.
Риддер қаласының Төтенше жағдайлар Басқармасы азаматтық қорғаныс міндеттерін шешуге дайындық – азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарының және ұйымдар басшыларының маңызды міндеті екенін, бұл бейбіт және соғыс уақытында өткізілетін іс-шаралардың құрамдас бөлігі екенін еске салады.
Риддер қ. ТЖБ