
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні жыл сайын 1 наурызда белгілі бір ұранмен атап өтіледі. Биыл ол "Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс" ұранымен өтеді. Осы мерекені өткізу шеңберінде объектілік жаттығулар, сондай-ақ азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттауға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі. Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы балаларар асында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға үлкен мән береді. Осыған байланысты мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде арнайы сабақтар, конкурстар, ойындар, жарыстар өткізіледі, олардың барысында қатысушылар өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларына ие болады және төтенше жағдай кезіндегі мінез-құлық ережелерін үйренеді. Бір ай ішінде Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындар мен санатталған ұйымдардың қызметкерлері арасында азаматтық қорғаныс іс-шаралары және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша жадынамалар, брошюралар таратуды ұйымдастырады. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу бойынша барлық іс-шаралар ТЖ кезінде халықтың ақпараттылығын арттыруға бағытталған.
Риддер қ. ТЖБ