
2021 жылғы 19 ақпанда "Сенім жәшігі" акциясы аясында Риддер қаласының колледждерінде ("Риддер көпсалалы колледжі" КММ және "Аграрлық-техникалық колледжі" КММ) оқушылардың, олардың ата-аналарының сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жазбаша өтініштері үшін Сенім жәшіктері ашылды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
Өтініштерге барлық байланыс деректері көрсетіле отырып, қол қойылуы да, анонимдік те болуы мүмкін.
Бұл "Сенім жәшігі" сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес) анықтау, алдын алу, жолын кесу мақсатында әзірленген.
"Сенім жәшігі" арқылы алынған ақпаратпен жұмыс істейтін лауазымды тұлғалар алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтауға дербес жауапты болады.
"Сенім жәшіктері" негізгі кіреберістің жанындағы фойеде орналасқан, мекеменің мөрімен мөрленген.