
Полицейлердің жұмысы ел заңнамасы мен қоғам қоятын заманауи талаптарға негізделген. Бүгінгі таңда полиция қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамасын ғана емес, сонымен қатар кәсіби қызметте үлкен көмекші болып табылатын заманауи техниканы қолдана білуге міндетті.
Мәселен, 19.02.2021 жылы АМТ мониторингтік тобы мен әкімнің штаттан тыс кеңесшісі, "Риддер-Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы полиция қызметкерлері мен көліктік бақылау инспекциясының бейне жетондарды пайдалануына мониторинг жүргізді.
Қалалық полиция бөлімінде 45 бейне жетон бар, оның 12-сі жұмыс істемейдi оларға жөндеу жұмыстарына актілер жасалған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 971 бұйрығына сәйкес бейне жетондар жауапты тұлғада болады және қызметтік міндеттерін орындау алдында ПБ қызметкеріне бейне жетонды және тіркеушінің мобильдік бейне жад картасын беруді және тапсыруды есепке алу журналына қол қойғызып беріледі.Бейне жетондарды түсіру кесте бойынша жүргізіледі (8.00 және 20.00). Түсіруге сәйкес күн сайын ахуалға мониторинг жүргізіледі (хаттамалар жасау, маршруттан ауытқу, жазбаны өшіру).Бейнесюжеттерді пайдалану бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.