Құрметті жерлестер, жауынгер-интернационалистер!

Құрметті жерлестер, жауынгер-интернационалистер!

Сіздерді Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 32 жылдығымен құттықтаймын! Бүгін біз сол соғыстың сарбаздарына, соңына дейін антына адал болған барлық адамдарға құрмет көрсетеміз. Олар өз өмірлерін сарп етіп әскери борышын орындады.

Сіздер «ауғандық» соғысының барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарынан табандылықпен өттіңіздер, ержүректілік, ерлік пен батырлықтың жоғары үлгілерін көрсеттіңіздер. Біз барлық қайғы-қасіретті осы соғыста жақындарын, күйеулерін, балаларын жоғалтқандармен бөлісеміз.

Жастарға патриоттық тәрбие бергендеріңіз үшін шынайы алғыс сөздерімді қабыл алыңыздар. Сіздер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің даңқты жауынгерлік дәстүрлерін және өмірлік қағидаттарын жалғастырып жатырсыздар, солдат борышын адалдықпен атқаруға біздің балаларымыз үшін өнегелі тұлғасыздар.

Сіздерге, отбастарыңызға және жақындарыңызға ұзақ өмір, зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін.

Құрметпен,

Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой