«Риддер Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы және «Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ

«Риддер Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы және «Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ

«Риддер Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы және «Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ өкілі 2021 жылғы 11 ақпанда ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар өнімдердің 19 түріне (ӘМАТ) баға мониторингін жүргізді.

Баға мониторингі «Золотой колосок» және «Космея» дүкендерінде жүргізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына негізсіз өсу тіркелген жоқ.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда объектілерінің иелерімен ӘМАТ-қа 15% сауда үстемесін сақтау туралы түсіндіру сұхбаттары жүргізіледі, жыл сайын меморандумдар жасалады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының басым бөлігіне жеке кәсіпкерлер сауда үстемесін 5-тен 10% - ға дейін есептейді.