
2021 жылғы 3 ақпанда 5 рейд жүргізілді, оның барысында мониторингтік топ 75 объектіні аралады. Рейдтік іс-шаралар барысында 3 бұзушылық (сатушы ЖҚҚ-сыз (маскасыз) қызмт көрсетті) анықталды. Бұған дейінгі рейдтерден қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жалпы 175 020 теңге сомасына (келушілерге ЖҚҚ-сыз (маскасыз) қызмет көрсету) 4 айыппұл салды. Құрметті кәсіпкерлер мен қала тұрғындары, ешкімнің ауырғысы, әсіресе жақындары үшін аурудың көзі болғысы келмейді!
Бұл үшін не қажет екенін бәріміз білеміз (қоғамдық орындарда маска тағу, ара қашықтықты сақтау, қолды антисептикпен тазарту). ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ САҚТАҢЫЗ!!!