
2020 жылғы 29 желтоқсанда 5 рейд жүргізілді, оның барысында мониторингтік топ 75 объектіні аралады. Рейдтік іс-шаралар барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жақында біздің облыс жасыл аймаққа енгенін естеріңізге саламыз. Соның арқасында көптеген объектілер жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Бірақ біз барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, ортақ күш-жігермен ғана КВИ таралуын тоқтата алатынымызды ұмытпауымыз керек.