
2020 жылғы 27 желтоқсанда 5 рейд жүргізілді, оның барысында мониторингтік топ 78 объектіні аралады. Рейдтік іс-шаралар барысында 2 бұзушылық анықталды (дәмханаға келушілер би алаңында биледі, келушілерді отырғызу ережелері бұзылды).
Жақында біздің облыс жасыл аймаққа енгенін естеріңізге саламыз. Соның арқасында көптеген объектілер жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Бірақ біз барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, ортақ күш-жігермен ғана КВИ таралуын тоқтата алатынымызды ұмытпауымыз керек.