2020 жылғы 15 желтоқсан Өскемен қаласы
Шығыс Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асырудың бірінші жылының алдын ала қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 15 желтоқсаны күні Өскемен қаласында онлайн режимде брифинг өткізілді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша директоры Ғалымжан Абилов 11 айдың қорытындысы бойынша келесі медициналық қызметтердің артқаны байқалып отырғанын атап өтті:
Ағымдағы жылдың 11 айында тәулік бойғы стационарда 150 160 пациент емделген, соның ішінде 280 пациентке жоғары технологиялық қызмет көрсетілген. Стационарды алмастыратын көмек шеңберінде 57 598 пациент емделген. Жұқпалы КВИ бөлімшелерінде 8810 науқас емделген.
Сондай-ақ, филиал директоры өз баяндамасында «Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылға Қазақстан Республикасында COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында іс-шараларды төлеуге 23 241,5 млн.теңге, соның ішінде:
2020 жылғы 1 желтоқсанда қордың облыстық филиалымен медициналық көмектің жоспарлы көлеміне өтінім берген 104 медициналық ұйым шарт жасасқан. Оның ішінде 42-сі жекеменшік, 62-сі мемлекеттік медициналық мекеме.
МӘМС жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі азаматтардың сақтандырылылуы болып табылады. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша 01.12.2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының 1,37 млн. тұрғынының 81,6 пайызы ғана сақтандырылған. Алайда, 251 027 адам әлі де сақтандырылмаған азаматтар қатарында. Сондықтан, облыстың әрбір тұрғыны өзінің сақтандырылған статусын анықтауы қажет. Яғни, облыстың әрбір бесінші тұрғыны сақтандырылмаған болып отыр.
Филиал директоры азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін Қор тарапынан түрлі кері байланыс арналарын ұсыну бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтып өтті. Қазіргі уақытта Qoldau 24/7 мобилді қосымшасы іске асырылып, табысты жұмыс атқаруда. Оның көмегімен пациенттер кеңестер алуға, өздерінің статусын тексеруге, шағымдарын қалдыруға, уақытша сақтандыру статусын алуға мүмкіндіктері бар.
Қордың Шығыс Қазақстан облыстық филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау кабитетіне пациенттер өтініштерін қалдыруға болады.
МӘМС жүйесіне қатысу статусын (сақтандырылу статусы) қазіргі уақытта анықтау тетіктері: Қор сайтындағы плагинді қолдану (fms.kz), телеграм-бот арқылы (https://t.me/SaqtandyryBot), Qoldau 24/7 мобилді қосымшасы арқылы egov.kz порталында және де 1406 тәулік бойғы call-орталығы арқылы.