№16 ҚАУЛЫ
2020 ж. " 16 " желтоқсан
Риддер қ.
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, Риддер қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы бойынша саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетендері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14, 37- баптарына сәйкес Риддер қаласының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, Риддер қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы бойынша саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетендерінің мәтіні бекітілсін.
- 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бірыңғай электрондық сайлаушы азаматтардың Тізіліміне сәйкес, саяси тізімдер бойынша сайланатын Риддер қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласы бойынша жасауға және сайлау учаскелеріне жеткізуге жататын сайлау бюллетендерінің саны, жалпы сайлаушылар санынан бір пайыз резервті қосқанда, 42 333(қырық екі мың үш жүз отыз үш) дана бекітілсін.
- Риддер қаласының сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетендерін сайлау учаскелеріне уақытылы жеткізуді қамтамасыз етсін.
Төраға Дюсебаева Р.
Хатшы Соколова Е.