
2020 жылғы 8 желтоқсанда Риддер қалалық сайлау комиссиясында "NurOtan" партиясы ҚБ, "Қазақстанның Халық партиясы" ҚБ, "ADAL "саяси партиясы"ҚБ тіркелген саяси партиялардың өкілдерімен кездесу өтті. Комиссия төрағасы Р.В. Дюсебаева қатысушыларды "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығын ұйымдастыру, іске асыру, сенім білдірілген адамдардың жұмысы мәселелеріне қатысты баптарымен таныстырды, сондай-ақ кездесуге қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.