
Риддер қаласында мониторингтік топтар жұмысын жалғастыруда. Осыған қарамастан Риддер өңірінің тұрғындары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұзуды жалғастыруда.
2020 жылғы 3 желтоқсанда 5 рейд жүргізілді, оның барысында мониторингтік топ 61 объектіні аралады. Рейдтік іс-шаралар барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бұған дейінгі рейдтерден қалалық санитарилық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 41 670 теңге сомасына 1 айыппұл салды («Ермак» дүкені - азық-түлік емес тауарлар дүкені демалыс күні (сенбі) ерекше жұмыс режимін сақтамай қызметін жүзеге асырды.
Сауда орталықтарына немесе азық-түлік дүкендеріне барған кезде жеке қорғаныс құралдары туралы ұмытпаңыз. Ыңғайсыз болуына қарамастан, бұл өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға көмектеседі.