Риддер қаласында, мониторингтік топтардың қызметі жалғасуда

Риддер қаласында, мониторингтік топтардың қызметі жалғасуда

Тексерулер эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөніндегі санитариялық қағидалар негізінде жүзеге асырылады.

Айыппұлдардың көп болуына қарамастан, өңір тұрғындары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұзуды жалғастыруда.

2020 жылғы 2 желтоқсанда 5 рейд жүргізілді, оның барысында мониторингтік топ 71 объектіні аралады. Рейдтік іс-шаралар барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бұған дейінгі рейдтерден қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 125 010 теңге сомасына 3 айыппұл салды (Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ МК – объектіні тексеру кезінде жауапты тұлға санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды толық көлемде сақтауды қамтамасыз етпеген, жеке тұлға қоғамдық орында маскасыз болды.

Сауда орталықтарына немесе азық-түлік дүкендеріне барған кезде жеке қорғаныс құралдары туралы ұмытпаңыз. Ыңғайсыз болуына қарамастан, бұл өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға көмектеседі.