Риддер қаласында, мониторингтік топтардың қызметі ештемеге қарамастан КВИ...

Риддер қаласында, мониторингтік топтардың қызметі ештемеге қарамастан КВИ...

Риддер қаласында, мониторингтік топтардың қызметі ештемеге қарамастан КВИ таралуына қарсы күрестің тиімді құралы болып қала береді.

Тексерулер эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөніндегі санитариялық қағидалар негізінде жүзеге асырылады.

Айыппұлдардың көп болуына қарамастан, өңір тұрғындары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұзуды жалғастыруда.

2020 жылғы 2 желтоқсанда 5 рейд жүргізілді, оның барысында мониторингтік топ 71 объектіні аралады. Рейдтік іс-шаралар барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бұған дейінгі рейдтерден қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 41 670 теңге сомасына 1 айыппұл салды (жеке тұлға - қоғамдық орында маскасыз болды).

Сауда орталықтарына немесе азық-түлік дүкендеріне барған кезде жеке қорғаныс құралдары туралы ұмытпаңыздар. Ыңғайсыз болуына қарамастан, бұл өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға көмектеседі.