Бүгінгі күні КВИ таралуына қарсы күрестің ең тиімді құралдарының бірі-арнайы мониторингтік...

Бүгінгі күні КВИ таралуына қарсы күрестің ең тиімді құралдарының бірі-арнайы мониторингтік...

Бүгінгі күні КВИ таралуына қарсы күрестің ең тиімді құралдарының бірі-арнайы мониторингтік топтар болып табылады.

Тексерулер эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөніндегі санитариялық қағидалар негізінде жүзеге асырылады.

 30 қарашада 5 рейд жүргізілді, оның барысында мониторингтік топ 73 объектіні аралады. Рейдтік іс-шаралар барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

 Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 361 140 теңге сомасына 2 айыппұл салды («Надежда» дүкені - келушілерге ЖҚҚ-сыз (қолғапсыз) қызмет көрсету, «Белочка» дүкені - объект дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілмеген, жұмысқа шығу белгісі бар персоналды мониторингілеу журналы және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін таңбаның болмауы.

Сауда орталықтарына немесе азық-түлік дүкендеріне барған кезде жеке қорғаныс құралдары туралы ұмытпаңыз. Қолайсыздыққа қарамастан, бұл өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға көмектеседі.