
Риддер қаласында 23.11-29.11 аралығында мониторингтік топ 411 объект бойынша 31 рейдтік іс-шара жүргізді. Келесі ШОБ объектілерінде
16 бұзушылық анықталды:
«Елена», «Прогресс», «Прага», «То что надо», «Елена», «Шанс», «7 шагов», «Пивоман», «Крестьянский дом», «Доминант» дүкендері.
«Асхана» асханасы.
«Огонек» шағын базарындағы 3 сауда нүктелері.
Жоспардан тыс тексерулер: «Казцинк» ЖШС Риддер металлургиялық кешеніндегі» 2 объект.
Аталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 1777920 теңге айыппұл салынды. Мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда. Құрметті жерлестер! Сіздерден КВИ алдын алудың барлық шараларын бұлжытпай сақтауды сұраймыз!