«Казцинк» Риддер ауруханасына заманауи рентген-жүйесін сатып алуға көмектесті

«Казцинк» Риддер ауруханасына заманауи рентген-жүйесін сатып алуға көмектесті

«Казцинк» ЖШС қоғаммен байланыс басқармасының ақпараты бойынша Риддер қ. Амбулаториялық орталығының филиалында «Казцинк» ЖШС арқасында заманауи цифрлық рентген жүйесі пайда болды. Бұл әсіресе өкпенің зақымдануын анықтауға көмектеседі және компьютерлік томографияға жақын.
Құны 120 млн. теңге тұратын Roesys X-Twin неміс рентген аппараттарының ішіндегі алдыңғы қатарларының бірі болып табылады. Бұл радиографиялық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Жабдықтың бірқатар артықшылықтары: тексеру кезінде сәулеленудің минималды дозасы, суреттердің өте жоғары анықтығы, дененің әртүрлі аймақтарын сканерлеу мүмкіндігі бар. Құрылғы пневмонияны диагностикалауға және өкпенің зақымдануын бағалауға қабілетті. Оның сезімталдығы цифрлық рентгенографиядан асып түседі және компьютерлік томографияға жақын.
- Мұндай деңгейдегі аппараттың қала үшін маңызын асыра бағалау қиын. Риддерде тұрып, еңбек етіп жүрген казцинк бөлімшелерінің қызметкерлері аз емес. Олардың денсаулығына қамқорлық жасау – біздің басты міндетіміз, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде, - деп атап өтті «Казцинк» әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей ЛАЗАРЕВ. – Жаңа жабдық облыс орталығына бармай-ақ, денсаулық жағдайын тез және тиімді талдауға мүмкіндік береді. Құрылғы үлкен пайда әкелетініне және бірнеше өмірді құтқаратынына сенімдімін.
Риддердегі амбулаториялық орталықтың дәрігерлері Roesys X-Twin қолдана бастады. Дәрігерлер жабдықтың өте тиімді және қызмет көрсетуі оңай екенін атап өтті.