Мониторингтік топтардың жұмысы

Мониторингтік топтардың жұмысы

Риддер қаласында Азаматтардың денсаулығын сақтау және ақпараттандыру мақсатында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша 7 мониторингтік топ өз жұмысын жалғастыруда. Олардың нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының бас санитариялық дәрігерінің қаулысын сақтамау фактілері тіркелді.  2020 жылғы 1-24 қараша аралығында барлығы 58 рейд жүргізілді, 598 объектіге бару жүзеге асырылды. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2430750 теңге сомасына 42 айыппұл салды. Рейдтер сауда үйлері, азық-түлік, азық-түлік емес дүкендер мен қоғамдық көліктер бойынша жүргізілді. Құрметті кәсіпкерлер, Риддер қаласының тұрғындары осы қаулының сақталуы және халықтың денсаулығын сақтау Сіздерге тікелей байланысты. Аман-сау болыңыз!!!