
2020 жылғы 18 қарашада мониторингтік топ мүшелері (ЖАО, полиция бөлімінің қызметкерлері) Риддер қаласының қоғамдық көліктерінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау туралы кезекті рейд өткізді. Рейд рейстік автобустарды қамтыды, сондай-ақ осы рейстердің жолаушыларына маска режимін сақтауға назар аударылды. Барлығы 7 маршрут қамтылды. Рейдтік іс-шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Объектілердің иелерімен және келушілермен санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы туралы түсіндіру сұхбаты тұрақты негізде жүргізіледі.