
2020 жылғы 17 қарашада мониторингтік топтардың мүшелері (ЖАО, полиция бөлімі, «Атамекен» ҰКП және қоғамдық бірлестік қызметкерлері) Риддер қаласының шаруашылық субъектілерінің иелерімен күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау туралы кезекті рейд өткізді. Рейдпен келесі объектілер: шаштараздар, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендер қамтылды, сондай-ақ, осы объектілерге келушілерге назар аударылды. Барлығы 47 объект қамтылды. Рейдтік іс-шаралар барысында 5 бұзушылық анықталды.