
Поездар қозғалысының кестесіне сәйкес, 2020 жылғы 15 қарашада сағат 19.56-да мониторингтік топ қала маңындағы поезд бойынша рейд жүргізді. Рейдтік іс-шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Объектілердің иелерімен және келушілермен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы туралы түсіндіру сұхбаты тұрақты негізде жүргізіледі. 2020 жылғы 16 қарашада мониторинг тобының мүшелері (ЖАО қызметкерлері, полиция бөлімі, қоғамдық бірлестік және «Риддер - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы) Риддер қаласының шаруашылық жүргізу субъектілерінің иелерімен күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау туралы кезекті рейд өткізді. Рейдпен қонақ үйлердегі және коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілеріндегі жалға алынған офистер объектілері қамтылды. Барлығы 23 нысан қамтылды. Рейдтік іс-шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.