
Дезинфекциялау процесі тұрақты бақылауда болады. Барлық дезқұралдар ресми жеткізушілерден сатып алынды. Күніне 27 автобус шығады, олардың әрқайсысы орта есеппен қала бойынша бірнеше айналым жасайды және әр жолы дезинфекция жүргізіледі. Салондарды толық өңдеу әр айналым аяқталғаннан кейін жасалады, содан кейін автобус желдетіліп, ол әрі қарай рейске шығады. Тұтқалар, орындықтар, есіктер, бүкіл салон дезенфекцияланады. Сонымен қатар, әр автобуста шашыратуға және өңдеуге арналған сұйық дезинфекциялық ерітінді бар.