
2020 жылғы 15 қарашада мониторинг тобының мүшелері (ЖАО қызметкерлері, полиция бөлімі және қоғамдық бірлестік) Риддер қаласының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің иелерімен күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау туралы кезекті рейд өткізді. Рейдпен ТҚС, ЖҚС объектілері және азық-түлік емес дүкендер қамтылды. Барлығы 4 нысан қамтылды. Рейдтік іс-шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Объектілердің иелерімен және келушілермен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы туралы түсіндіру сұхбаты тұрақты негізде жүргізіледі.