Қала тұрғындарының назарына! Риддер қаласы әкімдігінің Интернет-ресурсында «Халық қатысатын бюджет» порталы ашылды. «Халық қатысатын бюджет» пилоттық жобасының мақсаты азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде Риддер қаласының аумағын дамыту және абаттандыру болып табылады.
2021 жылға арналған жобалық ұсыныстар 2020 жылғы 04 қарашадан 30 қарашаға дейін қабылданады.
Толық ақпаратпен Риддер қаласы әкімдігінің Интернет-ресурсында келесі мекенжай бойынша танысуға болады: www.gov.kz. немесе 4-29-72 (экономика және қаржы бөлімі) 4-09-00 (техникалық қолдау), 4-24-36(тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары) телефондары арқылы.
Белсенді қатысуға және қаланы абаттандыру бойынша жобалық ұсыныстарды жолдауға шақырамыз!