
Риддер қаласы әкімдігінің Интернет-ресурсында «Халықтың қатысумен бюджет» порталы ашылды. «Халықтың қатысумен бюджет» пилоттық жобасының мақсаты азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде Риддер қаласының аумағын дамыту және абаттандыру болып табылады.
2021 жылға арналған жобалық ұсыныстар 2020 жылғы 4 қарашадан 30 қарашаға дейін қабылданады.
Толығырақ ақпаратпен Риддер қаласы әкімдігінің Интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша танысуға болады: www.gov.kz немесе 4-29-72 телефоны бойынша (экономика және қаржы бөлімі) 4-09-00 (техникалық қолдау), 4-24-36 (Тұрғын – уй коммуналдық шаруашылық, жолушылар көлігі және автомобиль жолдары).
Белсенді қатысуды және қаланы абаттандыру бойынша жобалық ұсыныстарды жіберулеріңізді сұраймыз!