Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына» сәйкес «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Риддер қаласының аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығына қатысушыларды айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізетінін жариялайды. Конкурсты (тендерді) өткізу күні: 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 10.00.
Конкурстық құжаттама пакетін және конкурсты өткізу туралы қажетті ақпаратты «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ алуға болады. Мекенжайы: Риддер қаласы, Тохтаров көшесі, 19, анықтама телефоны - 8 (72336) 4-26-41.