Меню

Страницы

Статья

Спорт және туризм

Спорт

Қалада 67 спорт ғимараты жұмыс істейді. Қала халқы тұрақты негізде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындардың жалпы санынан 30% немесе 17 752 адамды құрайды.

Қалалық спорт объектілеріне бару тегін негізде жүзеге асырылады.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі:

– қаржыландыру: 2019 жылы – 211 млн. 395 мың теңге (2018ж. – 118 млн. 376 мың теңге, 2016 ж. - 40 млн.);

- 22 спорт түрі (2018ж. – 21, 2016ж. - 7).

– жаттықтырушылар саны: 45 адам (2018ж. - 44, 2016ж. - 17);

– спортшылар саны: 1391 адам (2018ж. - 1325, 2016ж. - 448);

2019 жылы 17 000-нан астам адамды қамтитын 150-ден астам іс-шара өткізілді.

Біздің жерлесіміз Элина Михина Олимпиада ойындарына 2020 жылы қатысуға дайындалып, 400 метр қашықтықта лицензия алуды жоспарлап отыр.

Туризм

Риддер аймағының аумағында 29 туризм нысаны тіркелген,

Анықтама: 12 демалыс базасы, 2 Тау шаңғы базасы, 2 спорт кешені, 9 және 4 қонақ үй.

Қызмет көрсетілген келушілердің саны 17 мың адамды құрады, бір жолғы төсек – орын сыйымдылығы 1449, көрсетілген қызмет көлемі 288,0 млн.теңге. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда барлық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады, бұған саланың екі жаңа нысаны («RIDDER RESORT HOTEL» демалыс базасы, «ЛесСнова» демалыс базасы – «Expert тур_KZ» ЖШС) ашылды.

Әзірленген ТОП-50 туристік картасы бойынша: Риддер қаласы «Алтай тау шаңғысы кластері (ШҚО)» турдестинациясына жатады және Алтай курорттық аймағына кіреді. Туризмді дамыту үшін басым аумақтар 3 аймақ анықталды: Үлбі кенті, Поперечное ауылы, Коноваловка ауылы.

«Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен «Риддер-Экстрим» ЖШС-мен бірлесіп «Три брата» эталондық экотуристік бағытын құру жүргізілуде. 2019 жылы осы мақсаттарға қор 4,0 млн. теңге бөлді. Қазіргі уақытта жоба жетекшісі Евгений Козьмин маршрутты жайластыру бойынша оңтайлы шешімді таңдау мақсатында түрлі мақсатты топтарды сауалнама бойынша жұмыс жүргізуде. Жобаның аяқталуы биылғы жылы жоспарлануда.

Туристік салаға серпін беру мақсатында қолдау нысандарының бірі марал шаруашылығын дамыту, кемпингтерді орналастыру, демалыс базаларын салу және өзге де туристік мақсаттарда 19 жер учаскесін беру болып табылады.

Дата публикации
18 февраля 2020
Дата обновления
18 февраля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
13 октября 2026
Қаулылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы