Меню

Страницы

Статья

Жер қатынастары

"Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

"Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары»

- жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

- иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

- жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін қауымдық Сервитуттарды белгілеу жөніндегі, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

- жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

- Жерге орналастыруды жүргізуді және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекітуді ұйымдастыру, жер-кадастрлық жоспарларды бекіту ; ;

- жерді аймақтарға бөлу жобаларын, қала жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

- қала аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

- жүргізуді ұйымдастыру, жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар);

- жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

- қала жерлерінің балансын жасау;

- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне паспорттар беру;

-жер учаскесін сатып алу-сату шарты мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шартын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

- пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерді анықтау;

- ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

- ауылдық аумақтарды дамыту мониторингін дайындау және жүргізу;

-Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу;

Дата публикации
11 декабря 2020
Дата обновления
11 декабря 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
13 октября 2026
Қаулылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы