Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы қаңтар-маусымға Риддер қаласының  әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының  ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.06.2020 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 56210 адамды құрайды, оның ішінде 52964  адам қалада, 3246 адам - ауылдық жерде тұрады.    2020 жылдың басында (56455 адам)  халық саны 245 адамға азайды.

2020 жылғы қаңтар-маусымға халықтың табиғи кемуі (денсаулық сақтау бөлімінің дерегі бойынша) 150 адамды құрады. 2020 жылдан бастап 312 бала туылды (2019 ж. көрсеткішіне қарағанда 106,8% – 292 бала), 462 адам (2019 ж. көрсеткішіне қарағанда 114,1% – 405 адам) қайтыс болды.

01.07.2020 жылға статистикалық есепте Риддер қаласы бойынша 585 шаруашылық жүргізуші субъекті (кәсіпорындар, ұйымдар және меншіктің барлық нысанындағы мекемелер) тұр. Жалпы санынан – 564 (96,4%) – шағын кәсіпорындар, 18 (3,1%) – орта, 3 (0,5%) – ірі кәсіпорындар.

Экономика салаларын дамытудың жай-күйін мынадан көруге болады:

Өнеркәсіп

2020 жылғы қаңтар-маусымға Риддер қаласы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінің тауар шығарылымы 2019 жыл ұқсас кезеңінің көрсеткішіне қарағанда 22,8% қысқарып, 56057,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 94,5% құрады.

Өңірдің қала құраушы кәсіпорны «Казцинк» ЖШС 2 ірі жобаны іске асыру жүзеге асырылады:  

  • «Казцинк» ЖШС РКБК байыту фабрикасын реконструкциялау;
  • «Казцинк» ЖШС РКБК Долинный кен орнын барлау және ашу.

Ауыл шаруашылығы  

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2020 жылдың басынан бастап 624,8 млн. теңгені құрады, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңінен (557,6 млн. теңге) 19,6 млн.теңгеге немесе 12,1% жоғары, барлық көлем мал шаруашылығы саласына жатады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлемінің индексі - 102,1%.

Мал мен құс союға 250,2 тонна өткізілді немесе 2019 жылғы қаңтар-маусымға 102,3% (244,6 тонна). Сүт өндірісі 2487,2 тоннаны құрады немесе 2019 жылғы деңгейінен 102,2% (855,2 тонна). Жұмыртқа өндірісі – 874,0 мың дана немесе 2019 жылғы деңгейден 102,2% (855,2 мың дана). Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің саны артты.

Кәсіпкерлік

01.07.2020 жылға Риддер қаласы бойынша статистикалық есепте 2019 жылғы қаңтар-маусымға 4 бірлікке немесе 1,0% өсіммен 424 шағын бизнес кәсіпорны тұр. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 320 кәсіпорынды құрады, 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 19 бірлікке немесе 6,3% өсті.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2662 бірлікті құрайды, ол 2019 жылдың деңгейіне 8,8% немесе 256 субъектіге (2918 бірлік) төмен.

Сауда және өзге де қызмет көрсетулер

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2020 жылғы қаңтар-маусымға 13730,2 млн.теңгені құрады, 2019 жылдың ұқсас кезеңіне (14497,5 млн. теңге) нақты бағада 5,3% азайды, салыстырмалы бағада 89,1% құрады. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен 84,9% немесе 11655,4 млн.теңгені жеке кәсіпкерлердің тауар айналымы құрайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 2020 жылғы қаңтар-маусымға 26350,0 млн. теңгені құрады, 2019 жылғы ұқсас кезеңге (14670,1 млн. теңге) 11679,9 млн. теңгеге немесе 1,8 есеге өсті. Нақты көлемінің индексі - 175,1.  

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылдың ұқсас кезеңіне (6433,1 млн.теңге) 43,8% ұлғаюымен 9254,0 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі -143,3%.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 2019 жылғы ұқсас кезеңге (1009 ш. м.) 36,7% немесе 925 ш.м. ұлғайып, 3444 ш. м. құрады.

Еңбек нарығы

01.07.2020 жылғы жағдай бойынша Риддер қаласында:

- 261 жұмыссыз тіркелді;

- 794 адам жұмысқа орналастырылды;

- өтініш берушілердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру деңгейі – 76,1%;

- 583 жаңа жұмыс орны құрылды;

- жастар практикасына 14 адам жіберілді;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 50 адам тартылды;

- қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 279 жұмыссыз тартылды;

- 294 ашық бос жұмыс орны бар.

Кедейшілікпен күрес

01.07.2020 жылғы жағдай бойынша аз қамтылған отбасы ретінде, өңір бойынша 159 отбасы/637 адам есепте тұр, бұл 2019 жылдың басынан бастап 7 отбасына және 60 адамға аз (166 отбасы/697 адам). Кедейшілік шегі 21298 теңгені құрайды.

Әлеуметтік қолдау шаралары ретінде қалалық бюджет қаражатынан 155517,6 мың теңге төленді, бұл 2019 жылдың (80714,1 мың теңге) деңгейінен 1,9 есеге жоғары.

Бюджет

2020 жылғы қаңтар-наурызға барлық деңгейдегі бюджетке 3957,7 млн. теңге түсті, ол 2019 жылдың ұқсас деңгейіне 122,5% құрайды.  

Қалалық бюджеттің меншікті кірісінің болжамы 131,6% орындалды. Жоспар бойынша 1733,7 млн. теңге, нақты 2281,6 млн.теңге түсті. 2019 жылдың салыстырмалы кезеңіне түсімдер 41,4% немесе 668,0 млн. теңгеге ұлғайды.

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 2019 жылғкы 6 айға 99,99% орындалды.  

Еңбек бойынша көрсеткіштер

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде, Риддер қаласының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі бойынша 2020 жылғы қаңтар-наурызға орташа айлық жалақы мөлшері 210225 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңіндегі орташа айлық жалақы мөлшерінен 23,8% жоғары және Шығыс Қазақстан облысының өңірлері арасында, Өскемен қаласынан кейін көлемі бойынша екінші болып табылады.

2020 жылғы қаңтар-наурызға жалақы қоры 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 24,3% өсімді белгілейді, 9828,45 млн.теңгені құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың нақты саны 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 0,4% артып, 15584 адамды құрады.

Білім беру

Риддер қаласының білім беру мекемелерінің жүйесі 15 жалпы білім беру мектептерімен, 17 мектепке дейінгі балалар мекемелерімен, оның ішінде 3 жеке меншік балабақшалармен, 3 қосымша білім беру мекемелерімен, 2 колледжбен, «Олимпиадалық резервтің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ӨММ, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Светоч» балалар үйі» КММ ұсынылды.

01.07.2020 жылға мектепке дейінгі балалар мекемесінде кезекте 967 бала тұр.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100% құрайды.

Халықтың науқастануы

Риддер қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметтері бойынша 2020 жылғы қаңтар-маусымға 2019 жылдың ұқсас кезеңіне  7 ауру түрі бойынша өсім белгіленді.      

Туберкулез ауруымен 17 науқас тіркелді, бұл 2019 жыл салыстырмалы кезеңінің деңгейіне 13,3% (15 жағдай) жоғары. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 29.7 құрады, бұл 2019 жылғы сәйкес кезең деңгейінен (26.2) 3,5 есептік тармаққа жоғары.

2019 жылы 2020 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне (3 жағдай) 1 нәресте өлімі тіркелді. 2019 және 2020 жылдың есепті кезеңінде ана өлімі тіркелген жоқ.

Есепке алынған онкологиялық науқастардың саны 85 адамды құрады, бұл 2019 жылдың ұқсас деңгейінен (124 адам) 39 адамға немесе 31,5%  адамға төмен. Онкологиялық аурулардан 60 адам қайтыс болды, бұл 2019 жылдың басынан 12 адамға немесе 25,0% көп (48 адам).

Қылмыскерлік

2020 жылғы қаңтар-маусымға Риддер өңірі аумағында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 475 оқиғаны құрады, 2019 жылғы қаңтар-маусымға (586 оқиға) 18,9% төмендеді.

10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 2019 жылы 213,4 қарағанда 185,1 құрады, 13,3% төмендеді.

Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу 85,2% құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 6,6 пайыздық тармаққа (78,6%) жоғары.

Келесі қылмыс түрлері бойынша төмендеу байқалады:

- аса ауыр қылмыстар 2,3 есеге (2019 жылы 7-ден 2020 жылы 3-ке дейін), ашылуы 100,0% (2019 жылы 100,0%);

- орташа ауырлықтағы қылмыс 45,7% (2019 жылы 383-тен 2020 жылы 208-ге дейін), ашылуы 79,6% (2019 жылы 70,7%);

- бөтеннің мүлкін ұрлау 43,0% (2019 жылы 342-ден 2020 жылы 195-ге дейін), оның ішінде пәтерлерден 44,8% (2019 жылы 29-дан 2020 жылы 16-ға дейін);

- тонау 30,8% (2019 жылғы 26-дан 2020 жылы 18-ге дейін);

- автокөлікті айдап әкету 2,4 есе (2019 жылы 12-ден 2020 жылы 5-ке дейін);

- қоғамдық орындарда 2,2% (2019 жылы 136-дан 2020 жылы 133-ке дейін), оның ішінде көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, скверлерде 26,5% (2019 жылы 83-тен 2020 жылы 61-ге дейін);

- адамдар тобы жасаған 30,2 (2019 жылы 53-тен 2020 жылы 37-ге дейін);

- бұрын сотталғандар 20,5% (2019 жылы 268-ден 2020 жылы 213-ке дейін).

2020 жылғы қаңтар-маусымда Риддер аймағының аумағында 67 өрт болды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен (44 өрт) 23 оқиғаға немесе 52,3% жоғары, 2019 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінде 1 адам қаза тапты.

Табиғи және техногендік сипаттағы 67 төтенше жағдай тіркелді.

Экономика және қаржы  бөлімінің басшысы А. Рамазанова

Дата публикации
27 июля 2020
Дата обновления
27 июля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
13 октября 2026
Қаулылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы