Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі

2019 жылғы қаңтар – қыркүйек айларында 4 514,0 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы ұқсас кезең деңгейіне қарағанда 2,2% - ға жоғары (4 416,7 млн. теңге), көлем мал шаруашылығы - 102,8% және өсімдік шаруашылығы-98,1% саласына жатады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі-99,2%.

Мал мен құс союға 741,1 тонна өткізілді немесе 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 102,0% (726,5 тонна). Жұмыртқа өндірісі 1 521,7 мың дананы құрады немесе 2018 жылғы деңгейге қарағанда 101,4% (1 500,8 мың дана), сүт өндірісі – 4 174,0 тонна немесе 103,4% (2018 жылғы қаңтар-қыркүйек – 4 009,9 тонна).

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің саны артты:

- ІҚМ 173 басқа -5 475 бас, оның ішінде 51 басқа сиыр-2 081 басты құрап;

- қой мен ешкі 46 басқа, 2 015 басты құрап;

- шошқа 25 басқа, 1840 басты құрап;

- жылқы 160 басқа, 1 324 басты құрап;

- құс 105 басқа, 16 735 басты құрады.

Өңірде сүт өндірісін ұлғайту үшін «А.С. Дудкин» шаруа қожалығының сүт-тауарлы фермасы пайдалануға берілді, бірінші кезең 200 басқа,                                       «М.С. Джамалханова» шаруа қожалығының 50 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы, «Достар» шаруа қожалығының 200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы қайта құрылды.

- «С.Н. Дудкин» шаруа қожалығы 250 бас ІҚМ арналған СТФ қайта құру. Жоба аяқталды, қайта құру бойынша шығындар 300 млн. теңгені құрады. Сауу жабдықтары сатып алынып және орнатылды, ІҚМ басы сатып алынды.                       01.10.2019 ж. 561 бас ІҚМ бар, оның ішінде 250 бас сауылатын. Сүт өндіру тәулігіне 3,0 тоннаны құрайды. Сүт өткізу туралы шарт «Восток-Молоко» ЖШС жасалған.

- «М.С. Джамалханова» шаруа қожалығы 50 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы Поперечное ауылында орналасқан. Жоба 2018 жылдың қыркүйек айында аяқталды. Ірі қара малдың жалпы саны 123 басты құрайды, оның ішінде 53 аналық бас. Сыйымдылығы 75 басты құрайтын 2 сиыр қорасы, сыйымдылығы 50 басты құрайтын 1 бұзау қорасы бар. 70 млн. теңге өз қаражаты жұмсалынды. Сүт өндірісі күніне 1,2 тоннаны құрайды. «Милка» ЖШС сүт өткізу туралы шарт жасалған.

- «Достар» шаруа қожалығы 200 бас ІҚМ арналған МТФ қайта құру.

2018 жылдың маусым айында «АШҚҚҚ» АҚ ШҚФ 44,1 млн. теңге сомасына несие желісі ашылды. «Достар» ШҚ аспалы жабдықтары бар ауыл шаруашылық техникаларын (пресс-іріктеуші, жем таратқыш, роторлы шалғы), сүт салқындатқыш, көң шығару жүйесін 19 млн.теңгеге сатып алды. Мал басы 378 бас ІҚМ, оның ішінде 200 сиыр. «Средигорненский» ЖШС 66 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алынды. 40 млн. теңге өз қаражатымен СТФ үй-жайларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жоба 2018 жылдың қараша айында аяқталды. Сүт өндірісі тәулігіне                    2 тоннаны құрайды. «Милка» ЖШС сүт өткізу туралы келісім-шарт жасалған.

Ауыл шаруашылығы техникалық паркінің жағдайы. 01.10.2019 жылғы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы техникасының саны 756 бірлікті құрайды, соның ішінде барлық түрдегі тракторлар 525 бірлік (шынжыр табанды және доңғалақты), комбайндар – 12 бірлік, тракторлық тіркемелер - 219 бірлік, сонымен қатар, тракторлық соқалар – 30 бірлік, жазық кескіштер – 2, культиваторлар – 13, тырмалар – 141, сепкіштер – 15 және басқалар.

АӨК мемлекеттік қолдау.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға берілген өтінімдерге сәйкес – 243,5 мың теңге (Достар ш/қ), 1 өтінім В. Н. Мозуляко (инвест. техниканы субсидиялау - Беларус МТЗ - 98) - 1,7 млн. теңге.

Қазіргі уақытта сиыр сүті өндірісінің құнын арзандатуға субсидия алуға                         6 өтінім (50 бастан сиыр басын жемдейтін шаруашылықтар) жалпы сомасы 3 682,3 млн теңгеге резервте тұр («А.С. Дудкин» ШҚ - 1 945,5 млн теңге және «Достар» ШҚ - 1 736,8 млн теңге). Төлем ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланып отыр.

Жергілікті атқарушы органдар АШӨ құру және АШӨ мемлекеттік қолдау бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Дата публикации
18 декабря 2019
Дата обновления
18 декабря 2019
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
13 октября 2026
Қаулылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы