2026 жылғы 1 сәуірге арналған бюджеттің атқарылуы

2026 жылғы 1 сәуірге арналған бюджеттің атқарылуы

 

         Қала бюджетінің көлемі 2026 жылға 10 614 723 мың теңгені құрайды.

         2026 жылғы қаңтар-наурызға кірістер бойынша болжам 89% орындалды, жоспар бойынша 2 234 157 мың теңге, нақты 1 989 423,5 мың теңге түсті, орындамау 244 733,5 мың теңгеге. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер Риддер Полиметалл ЖШС ірі салық төлеушілер қатарына өтуіне және әлеуметтік салық бойынша табысты бөлу нормативін белгілеуге, жоғары тұрған бюджеттен түсетін трансферттердің азауына байланысты  1 547 058,3 мың теңгеге немесе 43,7% азайды.

         Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 88,7% орындалды. Жоспар бойынша 2 178 815 мың. теңге, нақты 1 933 653,8 мың теңге түсті.               2025 жылға түсімдер 43,1% немесе 1 464 736 мың. теңгеге төмендеді.

         Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

         - салықтық түсімдер бойынша орындалу 86,7%, болжам бойынша    2 157 253 мың теңге, 1 869 490,4 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда төмендеу қарқыны 44% құрады;

         - салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 19 425,4 мың теңгені құрады, болжам бойынша 10 887 мың теңге, 30 312,4 мың теңге түсті.                        2025 жылмен салыстырғанда түсімдер 1 646,1 мың теңгеге немесе 5,4% артты;

         - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 23 175,9 мың теңгені құрады. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер                  3 048,3 мың теңгеге немесе 9% артты.

         Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.04.2026 жылға 98,8% құрайды (жоспар – 1088965 мың теңге, кассалық шығыстар – 1075383,5 мың теңге). 01.04.2026 ж. қалдықтар – 13851,5 мың теңге (ОБ- 12485,1 мың теңге, ҚБ-1096,4 мың теңге), оның ішінде:

- 12484 мың теңге – жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша шарттар жасасудың ұзақ рәсімдері (ОБ);

- 682,2 мың теңге - тауар жеткізілмеген (жастар саясаты бойынша іс-шараларға жүлделер);

- 93,8 мың теңге - еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу (ГБ);

- 248,1 мың теңге - байланыс қызметтерін төлеуге шоттар қойылмаған;

- 73,4 мың теңге - басқа да қалдықтар: ББӘ барлық бағдарламалары бойынша дөңгелектеу есебінен.

Дата публикации
06 апреля 2026