«Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және атомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

«Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және атомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы                           № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығымен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді. «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Риддер қаласының ТҮКШ бөлімі)                              6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. Қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару ҚР ТЖ министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығымен бекітілген, Қағидалар негізінде жүзеге асырылады (бұйрық Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24574 болып тіркелген);
  2. Азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығымен бекітілген, Қағидалар негізінде жүзеге асырылады (бұйрық ҚР Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 33835 болып тіркелген);

Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтары мен қандастарды тіркеу және тұрғын үйді мұқтаж жандарға бөлу өкілеттіктерінің ұлттық даму институты мәртебесіне ие Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне (бұдан әрі - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) берілуіне байланысты, 2025 жылғы 24 мамырдан бастап «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын, қандастарды тіркеу» деп аталатын мемлекеттік қызмет көрсетіледі және оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көрсетеді.

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығымен бекітілген, Қағидалар негізінде жүзеге асырылады (бұйрық Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген);
  2. Ағаштарды кесуге рұқсат беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген, Жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидалары, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары және Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде жүзеге асырылады (бұйрық Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген);
  3. Тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген, Қағидалар негізінде жүзеге асырылады (бұйрық Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген).
  4. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын беру Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (бұйрық Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген).

Барлық көрсетілген қызметтерге нормативтік-құқықтық актілер (мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары) бар.

2025 жылы Риддер қаласының ТҮКШ бөлімі барлығы 353 мемлекеттік қызмет көрсетілген (жеке тұлғаларға - 153, заңды тұлғаларға - 200).

Оның ішінде:

Электрондық түрде көрсетілгендер: 353, оның ішінде: «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілгендер - 153 (жеке тұлғаларға - 153, заңды тұлғаларға - 0).

Мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша:

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы - 29;

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру - 124;

Электрондық түрде «Е-лицензиялау» МДБ арқылы көрсетілгендер - 200 (заңды тұлғаларға - 200).

Мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша:

- Ағаштарды кесуге рұқсат беру - 0.

- Қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару – 4.

- Тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау – 195.

- Дайындық паспорттарын беру - 1.

 

 

Дата публикации
02 апреля 2026