Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы ЕСЕП

Мемлекеттік қызмет көрсету  мәселелері бойынша

 «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік

 бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы

ЕСЕП

 

Риддерқ.                                                                              2026 ж. «___»______

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

 

Мемлекеттік органның толық атауы

 

«Риддер қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Заңды тұлғаның орналасқан жері

 

Қазақстан Республикасы, Шығыс

Қазақстан облысы, Риддер қаласы,

Семенова көшесі, 13, индексі 071300

байланыс телефоны: 8(72336)4-48-29; 44882

 

Басшы

 

Гульмира Сарсенбековна Оразбаева

 

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілер

Валентина Анатольевна Толмачева,

Татьяна Николаевна Котельникова,

Татьяна Александровна Медер,

Ольга Сергеевна Бернацкая

 

       

 

«Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі Бөлім) жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік көмек көрсетеді.

Бөлімнің құрылтайшысы Риддер қаласының әкімдігі болып табылады.

Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, өз атынан және мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

Қала тұрғындарына Бөлім мемлекеттік қызметтердің 18 түрін ұсынады. Оның ішінде: 2 мемлекеттік қызметтің 3 кіші түрі және 2 мемлекеттік қызметтің 2 кіші түрі бар.

Бөлім ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес-2 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы баламасыз ұсынылады, қалған 16-ның, оның ішінде-ЭҮП-16 арқылы алу баламасы бар.

2025 жылы барлығы 1792 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы – 1034, Мемлекеттік корпорация арқылы – 514, оның ішінде ЭҮП арқылы – 244.

Ағымдағы жылы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша – 579 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы – 274, Мемлекеттік корпорация арқылы – 73, оның ішінде ЭҮП арқылы – 232.

Барлық мемлекеттік қызметтерді Бөлім тегін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету Заңдар, Кодекстер мен қағидалар негізінде жүзеге асырылады. НҚА 12 сәйкес, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»бұйрығы, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы»бұйрығы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы»бұйрығы, «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығы және т.б. Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Ең көп сұранысқа ие келесі 5 мемлекеттік қызмет болып табылады:

«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу»;

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

«Мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

«Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау».      

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бөлімнің ресми интернет-ресурсында және Риддер қаласы әкімдігінің сайтында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде түсіндіре отырып, бейнероликтер, Жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жауапты мамандардың телефон нөмірлері, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бөлім қызметінің есебі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық есептілік уақтылы ұсынылады.

Бөлімнің ғимаратында қажетті техникалық жабдықтармен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. Жауапты маман электрондық қызметтер үлесін ұлғайту мақсатында оның жұмысының тұрақты мониторингін жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стендтер, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу құқығы және шағымды тіркеуге жауапты тұлғаны көрсете отырып, шағымдар кітабы бар.

Бөлімде халыққа, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін жағдайлар жасалған. Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарға бірінші кезекте қызмет көрсету қамтамасыз етілген (кіреберісте пандус, тактильді жолақтар, бағыттаушы белгілер, шақыру түймесі бар, қызмет алушыларға күтуге арналған үстелдер, орындықтар орнатылған).

Бөлім басшысының азаматтарды қабылдауы жұмыс күндері бекітілген кестеге сәйкес апта сайын жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы нормаларына сәйкес белгіленген мерзімде көрсетіледі және Бөлім басшысының тұрақты бақылауында болады.

Мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жария талқылау үшін жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады.

Жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының жобаларын талқылау кезінде ұсыныстар енгізіледі.

Ай сайын қолданыстағы заңнаманың нормалары бойынша және заңнамалық актілердегі өзгерістер бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабақтары өткізіледі.

Халық арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өткізілді, онда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсініктемелер беріліп, Бөлім мен Риддер қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурстарында орналастырылды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша ай сайынғы мониторинг жүргізіледі.

2025 жылы және 2026 жылдың ағымдағы кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бүгiнде мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiрудiң маңызды бағыты болып қала бередi: мемлекеттiк басқаруды жетiлдiрудiң мақсатты көрсеткiштерiнiң бiрi азаматтардың мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. «Сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілді, онда мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүдделері үшін қызметтер көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

Өзінің кәсіби деңгейін арттыру үшін Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілігін арттырудан өтеді, 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсететін 4 маманға сертификаттар бере отырып, мемлекеттік қызметтер бойынша курстардан өтті.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі арттыру және тиімділігі үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, оқыту семинарлары жалғастырылды.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер санын ұлғайту бойынша оң үрдіс байқалады.

Процестердің ашықтығын арттыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және мемлекетке деген сенімді арттыруға ықпал етеді, ал кері байланыс пен деректерді талдауды пайдалану ұсынылатын қызметтердің сапасын ұдайы жетілдіруге мүмкіндік береді. Негізгі үрдіс азаматтарға барынша бағдарланған мемлекеттік қызметтердің қарапайым, жылдам және ыңғайлы жүйесін құру болып табылады.

 

 

«Риддер қаласының жұмыспенқамту

Және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ басшысы                                                                             Г. Оразбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

орынд. В. Толмачева

тел. 44882

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 апреля 2026