Есеп 2025 жылға арналған Риддер қаласының «Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы

Есеп
2025 жылға арналған Риддер қаласының «Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/НҚ «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығымен мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі бекітілген. Риддер қаласының «Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 12 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2025 жылы бөліммен барлығы 3420 мемлекеттік қызмет көрсетілді (жеке тұлғалар – 1952, заңды тұлғалар – 1468).

Оның ішінде:

Қағаз түрінде (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтерді қоспағанда) көрсетілген қызметтер: 118 (жеке тұлғалар – 92, заңды тұлғалар – 46).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:

  • Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 31;
  • Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту – 87 (жеке тұлғалар – 67, заңды тұлғалар – 20).

Қағаз түрінде көрсетілген, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болған қызметтер: 315 (жеке тұлғалар – 278, заңды тұлғалар – 37).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:

  • Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 56;
  • Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтарды алу (2-кезең) – 259.

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер: 0 (жеке тұлғалар – 0, заңды тұлғалар – 0).

Электрондық түрде көрсетілген қызметтер: 2987 (жеке тұлғалар – 2186, заңды тұлғалар – 1385).

Оның ішінде:

Электрондық түрде көрсетілген қызметтер (жеке): 201 (жеке тұлғалар – 201, заңды тұлғалар – 0).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:

  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 201.

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер: 2786 (жеке тұлғалар – 1985, заңды тұлғалар – 801).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:

  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру – 201;
  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеуден шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру – 205;
  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – 264;
  • Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту – 1563;
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру – 46;
  • Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру – 0;
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 507.

 

Дата публикации
02 апреля 2026